top of page

МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ

Сіздің әр күніңізді мағынаға толтыратын біреу бар.

Ол әрқашан жанында.

БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ

Хабарлама жіберілді!

ҚҰДАЙМЕН ТАТУЛЫҚҚА ҚАДАМДАР

1. Құдайдың жоспары - тыныштық пен өмір

Құдай сені сүйеді және Оның тыныштығы мен өмірін сезінуіңді қалайды.

 

КИЕЛІ КІТАПТА: “Құдай адмзатты қатты сүйгендіктен өзінің, Өзінің жалғыз Ұлын құрбандыққа берді. Сонда Оған сенуші әркім өлмей, мәңгілік өмірге ие болады” (Жохан 3:16)

2. Біздің мәселеміз - ажырау

Біз Құдаймен автоматты түрде тату бола алмаймыз, өйткені біз жаратылысымыз бойынша Одан бөлекпіз.

 

КИЕЛІ КІТАП былай дейді: “Барлығы күнә жасап, бәрі Құдайдың ұлылығынан айырылды” (Римдіктерге 3:23).

3. Құдайдың шешімі - Айқыш

Құдайдың сүйіспеншілігі Құдай мен сіздің арасындағы алшақтықты жояды. Иса Мәсіх айқышта өліп, қабірден қайта тірілгенде, Ол сіздің күнәларыңыздың жазасын өз мойнына алды.

 

Киелі кітапта: “Ол айқышта өлгенде, біздің күнәларымыздың ауыртпалығын өз денесімен көтерді”,— делінген (1 Петір 2:24).

IMG_2663.JPG

4. Біздің жауабымыз — Мәсіхті қабылдау

Мәсіхті жеке қабылдағанда, сіз Құдайдың отбасына көпір арқылы өтесіз.

 

КИЕЛІ КІТАП: «Бірақ Оны қабылдағандарға және Оның есіміне сенгендерге Ол Құдайдың балалары болу үшін билік берді» (Жохан 1: 12).

Мәсіхті қабылдау үшін төрт нәрсені істеу керек:

1. Рухани мұқтаждығыңызды МОЙЫНДАҢЫЗ. "Мен күнәһармын."

2. ТӘУБЕ ЕТ және күнәлардан бет бұруға дайын бол.

3. Иса Мәсіхтің сіз үшін айқышта өлгеніне СЕНІҢІЗ.

4. Дұға арқылы Иса Мәсіхті жүрегіңізге және өміріңізге ҚАБЫЛДАҢЫЗ.

 

МӘСІХ былай дейді: «Міне, мен есік алдында тұрып, қағамын. Кім Менің даусымды естіп, есікті ашса, Мен кіремін» (Аян 3:20). КИЕЛІ КІТАП: «Өйткені Иеміздің атын шақырған әркім құтқарылады» (Римдіктерге 10:13) делінген.

Image by Marcos Paulo Prado

ҚАЛАЙ ДҰҒА ЕТУ КЕРЕК

Қымбатты Раббым, мен күнәһар екенімді білемін.

 

Күнәларымнан бет бұрып, Сенен кешірім сұрағым келеді.

 

Мен Иса Мәсіх сенің Ұлың екеніне сенемін. Оның менің күнәларым үшін өлгеніне және Сен оны тірілттің деп сенемін.

 

Оның менің жүрегіме кіріп, өмірімді бақылауына алғанын қалаймын.

 

Мен Исаға өзімнің Құтқарушым ретінде сенгім келеді және осы күннен бастап Иеміз ретінде Оған ергім келеді.

 

Исаның атымен, аумин.

bottom of page